Меню

Страницы

Статья

Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына сәйкес Министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті (бүгін күні ол жаңартылуда және оны 2020-2021 жылдарға қайта бекіту жоспарлануда).

Осы жоспар шеңберінде Министрлікте мынадай жұмыстар жүргізілуде. Біріншіден, Министрлік кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді қабылдады, бұл көлік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, геология және жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу және метрология салаларындағы бақылау-қадағалау функцияларының шамамен 30%-ын қысқартуға әкелді.

Екіншіден, Жол картасы шеңберінде оңтайландыру жүргізілуде

103 мемлекеттік қызметке оның 31-і іске асырылды, қалғандары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Үшіншіден, Министрлік ведомстволық бағынысты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бекітуге бастама жасады.

Төртіншіден, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің барлық басшылары лауазымдық нұсқаулықтарда бекіту арқылы оларға бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауапты болады.

Сондай-ақ, 2019 жылы Министрлік Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша

3 семинар өткізді.

Бесіншіден, Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі 4 өңірде (Павлодар облысы, ШҚО, Алматы қаласы және Нұр-Сұлтан) көшпелі семинарлар өткізді. Әрбір ұжымда мемлекеттік қызметшілердің моральдық – этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптар бойынша түсіндіру іс-шаралары, олардың қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқының стандарттары, сыртқы түрі, көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде, тұлғааралық коммуникацияларда, мүдделер қақтығысы кезіндегі іс-қимыл тетіктері, сыйлықтарды қабылдау және беру кезінде, жол қозғалысы ережелерін бұзу кезінде әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік шаралары жүргізілді. Мысалдарда мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын сақтамаудың типтік фактілері талқыланды, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе отырып, Министрліктің басшылық құрамы үшін эмоционалды интеллект, әлеуметтік желілерді жүргізу, жобалық басқаруды енгізу бойынша бірқатар семинарлар өткізді. ҚР Әділет министрлігінің «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы өкілдерінің қатысуымен «Adaldyq alany» жобасын іске асыру мәселесі бойынша семинар - кеңес өткізілді. Қазіргі уақытта Министрлік «Adaldyq alany»жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінгі күні жобалық офис тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі бойынша Министрлік қызметкерлеріне тұрақты негізде анонимдік сауалнама жүргізіледі, қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасудан тыс іссапарларда және өзге де шығуларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы туралы үлгілік жаднамаға қол қойылды, мемлекеттік қызметтегі парасаттылық қағидаттары таныстырылды. Министрлікте мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында бірыңғай «Call – орталық» құру мәселесі пысықталуда.

Сондай-ақ, жауапты хатшының жұмыс сапарлары шеңберінде Аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен персоналды басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет көрсету, 9 өңірде (Алматы қаласы, СҚО, Алматы, Ақмола, Жамбыл, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Маңғыстау облыстары) заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша кеңестер өткізілді. Нәтижесінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, Министрдің бұйрығымен (2019 жылғы 3 шілдедегі) Ақмола облысы бойынша аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды, сондай-ақ Министрдің бұйрығымен (2019 жылғы 29 қарашадағы) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды. Бүгінгі күні талдау жүргізілді.

Басқа өңірлерде аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезең-кезеңмен жалғасатын болады.

Министрдің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 690 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі құрылды және Кеңестің ережесі мен құрамы бекітілді.

Кеңес құрамына Министрліктің, ҚР МҚІА, қоғамдық бірлестіктердің, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері кірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесі сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру мақсатында Министрлік басшылығының тұрақты бақылауында.

Дата публикации
27 декабря 2019
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы