«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕЙБІР БҰЙРЫҚТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық) әзірленді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты теңізшілерді даярлау мәселелері бойынша Халықаралық теңіз ұйымының жаңадан қабылданған талаптарын Теңіз көлігі мамандарының даярлауын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру қағидаларына, Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларына және медициналық қорытындының нысанына және Теңіз көлігінің мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесіне және нысандарына енгізу болып табылады.
Бұйрық 2020 жылғы 10 тамызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4578630).