Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Заң жобасына баспасөз

Ағымдағы жылдың 13 тамызында Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының Тұжырымдамасы  мақұлданды.

Заң жобасын қабылдау  2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген тапсырмасы және 2019 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары бекіткен «Бақытты бала – Бақытты ана – Бақытты отбасы-Бақытты ел» жол картасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының авиатасымалдарды реттеу тиімділігін одан әрі арттыру бөлігіндегі 68-қадамы сияқты міндеттерді орындау қажеттілігімен байланысты болып отыр.

Заң жобасы:

- көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде лауазымды тұлғаның тасымалдаушымен тікелей байланысынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды;

- автомобиль жолдары мен инфрақұрылымның сақталуын арттыруды;

- жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобильмен тасымалдау қауіпсіздігін күшейтуді;

- әкімшілік кедергілерді азайтуды;

- цифрлық қызметтердің сапасын жақсарту, құжаттардың қағаз нысандарын алып тастауды;

- автомобиль жолдарының ақылы учаскелерін дамытуды;

- жалпы елдің көлік-транзиттік әлеуетін нығайтуды көздейді.

Заң жобасын іске асырумен келесі әсерлер күтіледі:

- көліктік бақылау жүйесінде адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алып тастау;

- жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін күшейту;

- автожолдардың сақталуын арттыру, тасымалдаудың балама түрлерін дамыту;

- цифрлық қызметтердің сапасын жақсарту, құжаттардың қағаз нысандарын алып тастау;

- әкімшілік кедергілерді азайту, қашықтықтан бақылау нысанына көшу;

- ұлттық зияткерлік көлік жүйесін дамыту, тасымалдау қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- жолдарда тәуекелдерді бағалаудың объективті және ашық жүйесін құру;

- көлік саласындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;

- автожолдардың ақылы учаскелерін дамыту;

- жалпы елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру.

Заң жобасы 2021 жылда қабылданады деп жоспарлануда.

Дата публикации
20 августа 2020
Дата обновления
20 августа 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімдегі өтінім мәртебесін анықтау тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы