Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті 2024 жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласының уақыты бойынша сағат 16:30-да өтетін «Көлік құралдарының, өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі» ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсетуге арнайы құқық субъектісінің тарифтерін бекітуге арналған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өтінімі бойынша Жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген қызметтерге тарифтер жобасын талқылауға мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, тәуелсіз сарапшылар мен табиғи монополиялар субъектілерін шақырамыз.
Тыңдаулар ZOOM қосымшасы арқылы онлайн кездесу режимінде өткізіледі. Сілтеме кездесудің тіркелген қатысушыларына жеке жіберіледі.
Талқылауға қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу үшін +7(7172)648-575 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды немесе r.mirslamov@mps.gov.kz e-mail-ге өтінімдер жіберулеріңізді сұраймыз.
Қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 20 тамызға дейін, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыстар:
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
_______________________________________________
«Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ
____________________________________________