Өтетін күні: 26-27 маусым
Іс-шараның басталуы: 10:00
Мекен-жайы: Достық даңғылы, 52 «Қазақстан» қонақ үйі
2024 жылдың 26 маусымында Алматы қ. Сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымның (бұдан әрі – СҚБҰ) кезекті отырысы өтеді.
Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және ТМД-ның басқа елдерінің құрылыс саласындағы бейінді министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар қатысады.
СҚБҰ отырыстары сейсмикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылау, талдау және шешу жолдарын әзірлеу үшін өткізіледі: сейсмикалық аудандастыру және шағын аудандастыру, жер сілікінісінің қауіп-қатері, сейсмикалық аудандарда ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмотұрақты етіп салу, сейсмотұрақтылық деңгейін бағалау және арттыру, жобалау нормалары, ғимараттарды жер сілікінісінің әсерінен сапалы модельдеу және есептеу, соның ішінде ғимараттар мен құрылыстарды инженерлік тексеру және сейсмикалық күшейту әдістері.
Іс-шара аясында пленарлық отырыстар өткізіледі, онда жетекші сарапшылар жоспарланған мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың озық әдістері мен құралдарын талқылайды.
Канада, Германия және Қытайдан келген жетекші халықаралық сарапшылар баяндамаларын. Олардың арасында Канаданың жер сілкінісін жобалау жөніндегі тұрақты комитетінің сейсмикалық тәуекелдер және Ұлттық құрылыс кодексі жөніндегі кеңесшісі Tuna Onur және Пекин Құрылыс және сәулет университетінің бас профессоры Li Aiqun бар.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ.
БАҚ өкілдерін аталған іс-шараны жариялауға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:
+ 7 (727) 2269410 t.kapezova@kazniisa.kz