Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) «Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы»
ҚР МТИ Техникалық реттеу комитеті төрағасының 2022 жылғы
23 желтоқсандағы №452-нқ бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметін алуға өтініш беру кезінде 30333-2007 мемлекет аралық стандарт «химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты. Жалпы талаптар» (бұдан әрі – МемСТ 30333-2007) сәйкес жасалған химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортын ұсыну қажет.
Сонымен қатар, бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған бұйрықпен 1185-2006 ұлттық стандартынан МемСТ 30333-2007 2023 жылдың соңына дейін қолданыста болған кезеңге өтпелі кезең белгіленді.
МемСТ 30333 – 2022 мемлекеттік және орыс тілдерінде Министрліктің және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің сайтында орналастырылды.
ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІК ПАСПОРТЫ