Меню

Страницы

Статья

Буштаев Фёдор Карпович (1925-1985 ж.)

Буштаев Федор (Зәйкен) Карпович 1925 жылы 15 мамырда дүниеге келген. 17 жасар жас жігіт соғысқа аттану үшін өзіне екі жас қосып алған. Зәйкен Буштаев Қызыл Армия қатарына 1942 жылдың желтоқсан айында шақырылып, Томск қаласындағы артиллерия училищесіне оқуға жіберіледі. 1944 жылдың желтоқсан айында 9-шы армияның, 5-атқыштар бригадасы, 404-гвардиялық зеңбірек полкының құрамында ІІІ Украина майданында соғысқа енеді. Жас офицер, батарея взводының командирі Зәйкен Буштаев алғашқы ұрыстардан-ақ, өзінің Отанын шынайы сүйген, жігерлі де қайсар командир екенін көрсете біледі. Үш ай өткенде лейтенант шенін алады. Бухаресті, Будапешті азат етуде, Вена қаласы үшін болған ұрыстарда асқан ерлік көрсетеді.

Байырғы артиллерист, гвардия капитаны Зәйкен Буштаев соғыс жылдары "Қызыл Жұлдыз"орденімен, "Венаны алғаны үшін" және басқа да медальдармен марапатталған. Бейбіт замандағы еңбегі " Құрмет белгісі" ордені және "Тың жерлерді игергені үшін" медалімен аталып өтілген.

Ол соғыстан кейін екі жыл оккупациялық әскер құрамында әскери қызмет атқарды да, 1947 жылы туған елі - Қазақстанға аман-есен оралды. Майдангер бейбіт өмірде еселі еңбек етіп, жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Бұрынғы Көкшетау облысының Қызыл ту ауданында партия комитетінің хатшысы, Қарағанды облысында аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлімше меңгерушісі, Сұрыптау кентінде тергеуші қызметтерінде болды.

Дата публикации
25 июня 2020
Дата обновления
25 июня 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы