Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігігің бұйрығымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Тәртібі) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді өткізеді.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 30 қазан мен 10 қараша аралығында министрлікке электонды түрде қабылданады, анықтама үшін байланыс нөмірі: +7 (7172) 983-261.