Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Индустрия және даму министрлігі – Адалдық Алаңы» жобасын құру туралы шешім қабылданды.
Жобаның мақсаты – сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамау ахуалын қалыптастыру, азаматтардың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және министрлікке қарасты ұйымдарға деген сенімін арттыру.
Жалпы алғанда, жұмыс күнделікті сыбайлас жемқорлықты жоюға, атап айтқанда: біздің мемлекеттік органмен өзара әрекеттесу кезінде азаматтарға қолайлы жағдай жасауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталады.
Сайтқа сілтеме: www.aamiid.kz