Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі – Көлік комитеті) 2020 жылғы 2 маусымда Жолаушылар көлігі саласындағы мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымға берудегі реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды.
Осыған орай барлық мүдделі тұлғаларды аталған реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Қоғамдық талқылауды Көлік комитетінде «Транспорт Тауэр» әкімшілік ғимаратында (Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай Батыр д., 3/2) немесе видеоконференц байланыс режимінде өткізу жоспарлануда.
Қоғамдық талқылауды өткізу амалы мен уақыты қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.
Осы талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8(7172)983546, 87769760980 телефондарына жүгінуге болады.