Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Ақтобе халықаралық әуежайы» АҚ «Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» қызметіне тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімін қарау барысында жария тыңдаудың болатындығын мәлімдейді.
Жария тыңдау 2020 жылдың 12 мауысымда, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 7 қабат, 704 кабинетте 15-00-де өткізіледі.
Жария тыңдауға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 75-48-26.
Жария тыңдауды өткізу туралы хабарландыру Комитеттің www.aviation.miid.gov.kz сайтында орналастырылған.»