Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Идустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі – Көлік комитеті) Автомобиль көлігі саласындағы кейбір функцияларды бәсекелестік ортаға беру мәселелері жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 70 бұйрығымен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 30-тармағына сәйкес, Көлік комитеті мүдделі тұлғалардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларды орындау ниеттері туралы өтінімдерін жинауды жүзеге асырады.
Осыған орай Қағидалардың 31-тармағына сәйкес, мүдделі тұлғалар 30 күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда бәсекелес ортаға берілетін функцияларды орындау ниеттері туралы өтінімдерін
Көлік комитетіне 010000, Нұр-Сұлтан қ, Қабанбай Батыр даңғылы, 32/1 мекенжайына, zh.tilegen@miid.gov.kz электрондық поштаға ұсыну қажет.
Өзін-өзі реттеу ұйымдарына беруге ұсынылатын функциялар тізбесі қоса беріледі.
Өтінімдер жинау 12.05.2020 - 13.06.2020 ж. кезеңінде жүзеге асырылады.
Өзін-өзі реттеу ұйымдарына беруге ұсынылатын функциялар тізбесі
Мүдделі тұлғалардың бәсекелес ортаға берілетін функцияларды орындау ниеттері туралы өтінімдері