2022 жылғы 23 қарашада орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Күн тәртібінде өңірдің индустриялық аймақтарын дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Маңғыстау облысында "Ақтау" портына бару жоспарланған.
Кездесу Ақтау қаласының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарының аумағында сағат 17.30-да өтеді.
Тұрғындар мен БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел.: +7 702 111 58 22 – Нұрболат Абдуллаев