«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын 2022 жылғы 25 қарашада сағат 16-00 «zoom» арқылы талқылау өткізу жоспарлануда.
Талқылауға қатысу үшін қатысуды жоспарлайтын тұлғалардың мәліметтерін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), ұялы телефонның нөмірі) zh.tilegen@miid.gov.kz электрондық мекенжайына 2022 жылғы 10 қарашаға дейін жолдау қажет.