2022 жылғы 14 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Күн тәртібінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қатысты сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Соколов кен орнына бару жоспарланған. Кездесу Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілік ғимаратында сағат 16.30-да өтеді.
Тұрғындар мен БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел.: +7 702 111 58 22 – Нұрболат Абдуллаев