Меню

Страницы

Статья

Шакиров Нұрахмет

Менің нағашы атам Шакиров Нұрахмет 1921 жылдың 10 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Үштөбе ауылында дүниеге келген.

1938 жылдың 28 ақпанынан 1945 жыл аралығында Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағының мүшесі.

1938 жылға дейін Майемер бастауыш мектебін, 1941 жылы Жұлдыз орта мектебін үздік бітірген.

Мектеп бітірісімен 1941 жылдың 19 маусымында Қызыл армия қатарына әскери борышын атқаруға шақыртылды, Калинин фронтында соғысты.

1941 жылдың қыркүйегінен Қызыл армияның Фрунзе жаяу әскер училищесінің курсанты болған. 1941 жылғы желтоқсан – 1944 жылғы шілде аралығында Закавказье майданында 5-гвардиялық атқыштар бригадасының бөлімше командирі, 263-ші танк полкінің атқышы болып, жараланған.

1944 жылдың 29 шілдесінен 1946 жылдың 5 наурызына дейін әскери қызметін 1921 жылғы Кеңес-Иран шарты негізінде Иранда атқарған.

КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасы Жарлығымен 1946 жылдың 20 наурызында әскер қатарынан шығарылып, Отанына оралды.

1946 жылдың 24 шілдесінен бастап Үштөбе мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасты.

1949 жылы Семей қазақ педагогика училищесінің экстерн курстарын үздік тәмамдап, бастауыш мектеп мұғалімі біліктілігіне ие болды.

1954-1981 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Үлкен-Нарын ауданы Балғын ауылының сегіз жылдық мектебінің директоры қызметін атқарды.

Ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысқан, 1948-1967 жылдар аралығында бірнеше рет аудандық кеңестің депутаты болып сайланды.

1998 жылдың 31 наурызында қайтыс болды.

Соғыс жылдарындағы ерліктері мен бейбіт өмірдегі адал еңбегі үшін «II дәрежелі Отан соғысы» және «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және «Кавказды қорғағаны үшін» медальдарымен және көптеген мерекелік медальдарымен, алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

1946 жылдың 25 қыркүйегінде апамыз Құмарғалиева Нұрсағиламен заңды некеге тұрды. Елу екі жыл тату-тәтті өмір сүріп, төрт ұл, төрт қыз тәрбиеледі, 11 немере сүйді.

Қазіргі кезде ұрпақтары республиканың түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жүр.

Автор: немересі Азмағанбетова Балнұр Рамазанқызы,

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылым министрлігі Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті Көлік логистикасын дамыту басқармасының басшысы

Дата публикации
09 мая 2020
Дата обновления
09 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімдегі өтінім мәртебесін анықтау тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы