Меню

Страницы

Статья

Азмағанбетов Серікқали

Менің атам Азмағанбетов Серікқали 1924 жылы 25 мамырда (негізгі туған жылы – 1926 жылғы 25 мамыр) бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының (бұрынғы Архат ауылы) қазіргі З.Белібаев ауылдық округінде дүниеге келген. Әкесі – Керімқожа Азмағанбет – руы Қожа, шешесі – Бостанқызы Нұрғайша – руы Мамай. Серікқали атамның 5 жасында әкесі қайтыс болады да, апайы Злиха мен қарындасы Нәзипа, шешесі Нұрғайшамен қалады.

1942 жылы небәрі 16 жасында Жаңасемей аудандық әскери комиссариаттан Ұлы отан соғысына шақырылады. Бір ай Алматы қаласында әскери даярлықтан өтіп, 1942 жылы 285 атқыштар полкінің 183 атқыштар дивизиясында 45 мм зениттік атқыштар ротасында зеңбірек наводчигі болған. 1943 жылғы 12 шілдеде Курск доғасы шайқасында немістермен болған ұрыста оң иығынан және бетінен жараланып, Грузияның Тбилиси қаласындағы госпитальде емделіп, запасқа шығарылып, 1944 жылдың ақпан айында елге оралады.

Соғыстан кейінгі жылдары Абай ауданының ауылдарында (Архат, Құндызды, Күлмен колхоздарында) ауыл шаруашылық жұмысында еңбек етті. Кейін еңбек ете жүріп, 1953 жылы Семей қаласындағы Мал дәрігерлік институтында сырттай оқып, «Зоотехник» мамандығын тамамдады.

Сонымен қатар, Абай және Жданов атындағы совхоздарында партия ұйымының хатшысы, Абай аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып, өмірінің соңына дейін облыстық ауылшаруашылық басқармасына қарасты Абай аудандық Мал тұқымын асылдандыру станцияның бастығы болып қызмет атқарды.

1984 жылы 4 қарашада қайтыс болды.

Соғыстан кейін «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және «Ерлігі үшін» медальдермен, сонымен қатар «Жеңістің 20 жылдығы», «Жеңістің 30 жылдығы», «СССР Қарулы күштеріне 50 жыл» және «СССР Қарулы күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медальдермен марапатталған.

Үлгілі отбасы болып, апамыз Жақиянова Қалдыбала екеуі 8 бала тәрбиелеп өсірді.

Қазіргі кезде ұрпақтары республиканың түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жүр.

Автор: немересі Азмағанбетова Балнұр Рамазанқызы,

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылым министрлігі Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті

Көлік логистикасын дамыту басқармасының басшысы

Дата публикации
09 мая 2020
Дата обновления
09 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы