
1925 жылы көп балалы отбасында дүниеге келген.Туған жері: Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Верх – Еловка ауылы. Ұлты эстон. Туыстарының айтуынша, оның отбасы босқындар ретінде Марқакөл өңіріне келген. 1945 жылы шілде айында Эрберт Кузьмичті Марқакөл аудандықәскери комиссариатымен Кеңес әскеринің қатарына шақырылған болатын.
Мәліметтерге сүйенетін болсақ, осы кездері қысқа мерзімде Қиыр Шығыста әскери операция бастаған, осы жерге Маньчжурия шайқасының қатысушысыЭрберт Кузьмич келіп түсті.Майданнан оралғаннан кейін біраз жылдардан соң Ойнас Эрберт Кузьмич Бұқтырма ГЭС құрылысына түседі, құрылыста жүргізуші болып жұмыс істейді.Отбасы құрып, Серебрянск қаласында қалады.Бұқтырма шлюзінде Ойнас Эрберт Кузьмич 1967 жылдан бастап кезекші автобус жүргізушісі болып жұмыс істеді.Бұқтырма шлюзінде Э.К.Ойнастың жалпы жұмыс өтілі 18 жылды құрады. 1985 жылғы 19 желтоқсанда Эрберт Кузьмич Бұқтырма шлюзінен зейнеткерлікке шықты, сол жылы 23 желтоқсанда Кеңес Одағының фашистік Германияны жеңісінен кейін 40 жыл өткен соң "ІІ дәрежелі Отан соғысы орденін"алды.Ойнас Эрберт Кузьмич 90-шы жылдары қайтыс болды. Серебрянск қаласында жерленген.
Авторы: Ольга Владимировна Олешкевич, «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Гидротехникалық құрылыстар» филиалының қызметкері