
Украинада Ивано-Франковск облысында Сваричево ауылында 1932 жылы 2 мамырда дүниеге келді.
Екі жасында анасы қайтыс болады, оны және ағасын әкесі өсіріп жеткізді. 1941 жылы шілде айының басында ауылға немістер келді, барлық ересек халықты Германияға айдап кетті. Ағасы ауыл атысы кезінде қаза тапты. Ұлы Отан соғысы басталғанда Софья не бары 9 жасқа толды.
Оккупация 1944 жылдың күзіне дейін созылды, әртүрлі адамдардатұрды, егістікте және бақшада жұмыс істеді. Соғыстан кейін колхозда трактордың тіркемешісі болып жұмыс істеді. 1948 жылы Николаев қаласына көшіп келіп, жиһаз фабрикасында құрастырушы болып істеді.
1950 жылы бүкілодақтық құрылыс басталды: Бұқтырма ГЭС құрылысы. Бірінші еріктілер қатарында ол Қазақстанға келді. Софья Едвардовнаның еңбек кітапшасында жазба бар: 1950 ж.-1957 ж. "Цементті жіберуші".
1974 жылдан бастап 1982 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Бұқтырма шлюзде қызметтік жайлардың тазалаушысы болып еңбек етті. Қазір Бұқтырма шлюзінің құрметті зейнеткері болып табылады.
Авторы: Ольга Владимировна Олешкевич, «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Гидротехникалық құрылыстар» филиалының қызметкері