
Туған жері: Ресей, Кемеров облысы, Белово қаласы.
Соғыс басталған уақытта Вера Андреевна бар-жоғы 6 жаста болы. Вера Андреевна үлкендермен бірге егістікте жұмыс істеді: арам шөп жұлды, масақ терді. Орманда жидектер мен саңрауқұлақ терді.
Вера Андреевнаның анасы темекіні қолмен жинау, кептірумен айналысты. Темекі бұйымдары жауынгерлер үлесіне енді, оны майданға азық-түлікпен бірге жіберді...
Кейін Вера Андреевнаның отбасы Новосибирск қ., сонан соң Семей қ. көшті. Су басқаннан кейін, су қоймасынан судың үлкен мөлшерін іске қосқаннан кейін, гидроқұрылыстар ауданын құру кезінде Вера Андреевнаның ерінің ағасы Владимир Никитин басшы болды.
1959 жылы Вера Андреевна Өскемен қашықтық жолдарына "Алма-Ата" кемесінің матрос лауазымына қабылданды, "Прилив" кемесінде аспаз болып істеді, 1964 жылдың маусымынан бастапӨскемен шлюзінің кеме өткізушісі лауазымына тағайындалды, бұдан әрі - слесарь, қойманың меңгерушісі, аға қоймашы болды, 1990 жылға дейін Өскемен гидроқұрылыстар ауданының қойма меңгерушісі болып жұмыс істеді.
В.А. Никитина 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі үшін «Тыл еңбеккері» мәртебесіне ие.
Жылдар бойғы ерен еңбегі үшін В.А. Никитина 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы,70 жылдығы құрметіне мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Авторы: Ольга Алексеевна Куимова, «Қазақстан су жолдары» РМҚК «Гидротехникалық құрылыстар» филиалының қызметкері