
1939 жылы Жұмысшылар мен шаруалардың Қызыл Армиясы қатарына кіреді. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, финдік науқанда соғысты. Ішкі істер халық комиссариатының 16-дивизиясында снайпер болып қызмет етті.
1947 жылдың наурыз айынан бастап КСРО ҚК қатарынан әскерден босатылғаннан кейін, Орал кеме шаруашылығында жағдайлық старшинаболып жұмысын жалғастырды.
«Жауынгерлік еңбегі үшін» екі медальмен, «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен, «1941-1945 ж.ж. ҰОС Германияны жеңгені үшін» медалімен, «1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңісіне жиырма жыл», «1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңісіне жиырма бес жыл», «1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңісіне отыз жыл», «1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңісіне қырық жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған, 1985 жылы Ұлы Отан соғысының 2-дәрежелі орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Авторы: Нурлан Жангалиевич Набиуллин, «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал филиалының қызметкері