Меню

Страницы

Статья

Шарапов Вячеслав Владимирович (1923-2003)

Вячеслав Владимирович Шарапов 1923 жылғы 23 қаңтарда туған.

1939 жылдан бастап 1942 жылға дейін Жоғарғы Ертіс өзен кеме шаруашылығы мемлекеттік көлік кәсіпорнындағы арналық іздестіру партиясында жұмыс істеген. 1943 жылы көктемде И.В. Сталиннің су мамандығы бар әскерлерді флотқа жіберу жөніндегі бұйрығы шықты. Әскерге дейінгі сүңгуірлік дайындығы бар В.В. Шараповты Хабаровск қ. Амур Қызылжұлдызды Флотилиясына тіркейді. Отряд акваторияларды минадан арылту, суға батқан кемелер мен самолеттерді шығару сияқты апаттық-құтқару жұмыстарымен айналысты.

1943 жылғы қазанда өзінің өтініші бойынша ЭПРОНға тіркеліп, арыс кезінде суға батқан торпедалар, корабльдер мен самолеттерді, сондай-ақ жолаушылар кемесін шығаруға қатысты. Одан соң Қара теңіз жағалауында порт акваторияларын минадан арылту, суға батқан корабльдер мен самолеттерді шығару сияқты сол жұмыстарды атқаратын Азов әскери флотилиясының 62-апаттық-құтқару отрядына іссапарға жіберілді. 1944 жылы маусым айының ортасында қолбасшылық бұйрығымен Гудаут қ. ұшқыш-торпедатасымалдаушыларды дайындайтын 4-ші Әскери-Теңізавиациялық училещесінің миналық-торпеда қызметіне жөнелтілді.

Запорожья қ. теміржол станциясына жау авиациясының шабуылы кезінде жараланып, 1946 жылы әскерден қайтарылды. «Германияны жеңгені үшін» медалімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, ҰОС мерейтойлық 6 медалімен марапатталған.

Авторы: Гульнар Сатыбековна Мухаметжанова, «Қазақстан су жолдары» РМҚК Павлодар филиалының қызметкері

 

Дата публикации
09 мая 2020
Дата обновления
09 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімінен үзінді жүктеу тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы