2022 жылғы 7 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержан Мырзабаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Күн тәртібінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қатысты сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында қорғаныс өнеркәсібі кешеніне бару жоспарланған. Кездесу «Солтүстік Қазақстан облысының Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» ғимаратында сағат 10.00-да өтеді.
Тұрғындар мен БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат тел.: +7 702 111 58 22 – Нұрболат Абдуллаев