Менің аталарым Танбаев Күмісбек пен Танбаев Қамшыбек майданға 1942 жылы Жамбыл облысына қарасты Меркі ауданының әскери комиссариатымен шақыртылған болатын. 1913 жылы туған Күмісбек Танбаев Көкшетау қаласының 376-шы қосымша атқыштар полкіне жіберілді. Әскери атағы: қатардағы жауынгер. Кеңес армиясында ол атқыш болып қызмет етеді. Үйге жазған соңғы хатындағы мәліметке қарағанда, атам Калинин майданындағы Ржев қаласында 1237-ші атқыштар полкінің құрамында жауға қарсы соғысқан. Күмісбек Танбаев 1942 жылдың қарашасынан із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Ал 1907 жылы туған атам Танбаев Қамшыбек 407-ші қосымша атқыштар полкіне шақыртылды.1943 және 1945 жылдар аралығында ол атқыш қызметін атқарыпты. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін атам 1945 жылдың 9 мамырындағы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған.
Автор: Гүлбану Танбаева – ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті квазимемлекеттік сектормен жұмыс және активтерді басқару басқармасының басшысы