

Менің әкем Жақыпов Сәлімгерей 1906 жылы Целиноград облысына қарасты Қызыл Қазақстан селосында дүниеге келген. 1941 жылы ол майданға шақыртылып, Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысады. 1942 жылы ауыр жарақат алғандықтан, әкем үйге оралып, тылда еңбек еткен болатын. Адал еңбегі үшін Сәлімгерей Жақыпов Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған.
Автор: ҚР ИИДМ АЖК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының жүргізушісі Қонысбек Жақыпов