
1925 жылғы маусымның 15-інде Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген. Қарулы Күштер қатарына шақырылғанға дейін Сайрам ауданындағы «Бірлік» ұжымшарында еңбек етті. 1943 жылғы сәуірдің 25-інде Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 52-ші армияның 39-шы атқыштар бригадасының құрамында қызмет етті.
Кировоград қаласын, Молдавияны, Венгрияны, Австрияны азат етуге қатысты.
1945 жылғы ақпанның 24-інен 984-ші жеке атқыштар полкы, 9436 әскери бөлімшенің кеңсе хатшысы болып, 1945 жылғы тамыздың 1-нен қыркуйектің 3-іне дейін Жапониямен соғысқа қатысып, 984-ші атқыштар полкының автоматшысы болып қызмет етті. Әскери шені – қатардағы жауынгер.
I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Әскери қызметі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен және мерейтойлық жеті медальмен марапатталған.
Әскери қызметтен 1950 жылғы қаңтардың 28-інде босатылды.
1950 жылғы ақпаннан Свердлов атындағы ұжымшардың МТС есепшісі, 1951 жылдан 1971 жылға дейін ұжымшардың тексеру комиссияның төрағасы болып істеді. 2003 жылы дүниеден өтті.
8 баласы, 25 немере, 46 шөбересі бар.
Мен атамды мақтан тұтамын!
Автор: Матова Мая ҚР ИИДМ Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы