
Менің арғы атам Қадыров Сұпалдияр 1906 жылы Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысының Жангелді ауданындағы Буденных колхозында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде ол 45-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында жауға қарсы күреседі. Майданда снайпер болған сарбаз Қадыров неміс басқыншыларынан Ленинградты қорғауға да қатысқан болатын. Көптеген марапаттарының ішінде "Ленинградты қорғағаны үшін" медалінің орны бөлек, әрине. Ұлы атам сұрапыл ұрыстардың бірінде 1943 жылдың тамызында қаза тапты.
Автор: Еркебұлан Сұпалдияров - ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Концессия басқармасының басшысы