
Менің ұлы атам Садыр Ахметсафиннің ерлігі жайлы біздің жанұямызда жиі айтылады.
Ол 1910 жылы Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталов ауданының Бостандық кентінде туған.
Садыр Ахметсафин 1941 жылдың 20 маусымында майдан шебіне алғашқылардың бірі болып шақырылып, Украинада 101-ші атқыштар полкінде жауға қарсы соғысады. Жауынгеріміз 1942 жылы ауыр жарақат алған болатын. Тиісті емін қабылдаған соң ол майдан алаңына қайта оралады. Ал соғыс аяқталғаннан кейін ұлы атам Сталинград қаласында жұмыс істеген трактор зауытындағы қызметке жолдама алады. Мұнда алпауыт мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын дамытуда аянбай еңбек етеді.
Өзінің өмірлік жары біздің арғы әжемізбен де ол осында танысыпты.
Ұлы атамыз өмірден 1972 жылы өткен болатын.
Алайда оның соғыс жылдарындағы ерлігі мен тың игерудегі зор еңбегі ешқашан ұмытылмайды деп білемін.
Автор: Жансая Ахметсафина – ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің маманы.