Ысқақов Дөләш 1925 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы,Қобыкөл (Семеновка) ауылында дүниеге келген.
26 қаңтар 1943 жылы соғысқа әскер қатарына шақырылды.
Жасақталған эшелон шығыстағы Иркутск облысы, Мальта станциясына барып, Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірінен жасақталған артиллеристер дивизиясы құрамына қосылады.
Шығыста екінші майдан ашылып, Жапониямен соғыс басталған кез еді.
Германия өзінің сөзсіз тізе бүккендігін мойындағанда, атамыз 1945 жылдың 9 мамыры күні соғысқа кіреді. Бұл кезде олардың полкі Забайкалье әскери округіндегі Манчжурияда еді.
20 жасында ол№35 атқыштар бригадасында1946 жылдың тамызына дейін оқтаушы болып істеді. Снарядты орудияның дәл жанына қоюға болмайды, оны 10 метр тастап әкеліп оқтайды.Диаметрі 76 мм зеңбіректі ХТЗ тракторымен сүйретіп жүреді. 1949 жылы №53-і ұшқыштар мектебінде дәріс алады. Оны аяқтағаннан кейін Камчатка-Петропавловский облысындағы 74521 әскери бөлімінде бес жыл бойы моторист болып істейді.
Жалпы саны 7 жыл әскерде болып, елге оралған соң үйленіп, шаңырақ көтерген, 8 ұл-қыз тәрбиелеген.Әуелде Нұра ауданы бойынша агент болады, одан соң Ауылдық Кеңестің төрағасы, Семеновка селосында ферма меңгерушісі болып жұмыс жасаған.
Осы ерліктері үшін 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін» Ұлы Жеңістің 20,30,40,50 жылдардағымерейтой медальдарымен, Маршал Жуковтың медалімен марапатталған.
2013 жылдың маусым айында 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Сүретте: атамыз жерлестер ардагерлермен
Автор: Курмангожина С.Ж. ҚР ИИДМ бас сарапшысы