Меню

Страницы

Статья

Манжуев Қабдеш Торсықбайұлы

Менің атам Манжуев Қабдеш Торсықбайұлы 1924 жылы 9 тамызда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Марқакөл ауданының Алексеевка кентінде дүниеге келді. 1942 жылдың тамызында ол әскер қатарына шақырылып, Ферғанадағы әскери училищеде дайындықтан өтеді. Осылайша атам майдан алаңында жауға қарсы алғаш рет Сталинград түбінде шайқасқан екен. Соғыс жылдарында ол Днепропетровск пен Мелитополь түбіндегі ұрыстарға қатысқан болатын. 1944 жылы сұрапыл ұрыстардың бірінде екінші рет ауыр жарақат алуына байланысты соғыс Қабдеш Торсықбайұлы үшін Баку қаласындағы госпитальде аяқталды. Қажетті емін алған соң атам елге, өз үйіне оралады. Жанұямыздың бас азаматы өмірден 1989 жылдың 16 маусымында өтсе де, оның ерлігі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Мен оны мақтан тұтамын.
Бибігүл Қабдешева – ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бас маманы

Дата публикации
07 мая 2020
Дата обновления
07 мая 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
02 июля 2026
Тауар карточкасына АГСК-3 кодтарын қосу жөніндегі нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
26 февраля 2026
$100 млн және жаңа жобалар: Ерсайын Нағаспаевтың Германияға іссапарының қорытындысы
16 февраля 2026
Тізілімдегі өтінім мәртебесін анықтау тәртібі бойынша бейненұсқаулық

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы