Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
1) «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ;
2) «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» ЖШС;
3) «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқару үшiн тұлғаны iрiктеу бойынша конкурс өткiзуді жариялайды.
1) «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ;
2) «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» ЖШС;
3) «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқаруға арналған тұлғаларды iрiктеу конкурсына қатысу үшiн Нұр-сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Траспорт Тауэр» ғимараты, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мекенжайына 2020 жылғы 21 мамырды қосамерзімге дейін қатысушылар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) электронды және қағаз тасығыштарда осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке куәліктің және/немесе паспорттың көшірмелері;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес конкурсқа қатысушының еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) жоғарғы оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломның, сондай-ақ магистрлық немесе докторлық бағдарламаларды аяқтағандығы туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);
5) сертификаттардың және басқа да наградалардың көшірмелері (бар болса);
6) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
7) ұсыным хаттар (бар болса);
8) құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар уәкілетті органның ресми веб-сайтында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Конкурстық комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін мемлекеттік органға еркін нысандағы конкурстық ұсыныстарды ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
1) АЭА қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;
2) АЭА даму стратегиясының пайымдауы;
3) АЭА даму тетігі және/немесе схемасы;
4) АЭА-ға инвесторларды тарту тәсілдері;
5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);
6) мемлекеттің АЭА басқарушы компанияларына құрылтайшылары мен қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу тәсілдері.
Сондай-ақ, қатысушы басқарушы компанияны басқару үшiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа да құжаттарды қоса бере алады.
КОНКУРСҚА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША
Байланыстағы тұлға: Нуржан Кажымурат, тел.: +7 (71 72) 754-882, 87756280017