Әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларындағы және әуежайлар қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібінің және міндеттерінің сақталуын тексеру парақтарын бекіту туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларындағы тексеру парағы;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әуежайлар қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібінің және міндеттерінің сақталуын тексеру парағы бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

  2. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

_____________________Б. Атамқұлов

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

 

____________________Р. Дәленов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі

комитеті

Әуежайлар мен аэронавигация қызметтері саласындағы табиғи монополиялар салаларындағы тексеру парағы
Дата публикации
31 декабря 2019