БҰЙЫРАМЫН:
«Бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 11 маусымда № 17033 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрық қосымшаға сәйкес бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін айқындау әдістемесі редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы ТАӘ
«КЕЛІСІЛГЕН»:
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиги ресурстар министрілігі
«КЕЛІСІЛГЕН»:
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрілігі