Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» ШЖҚ РМК көрсететін мемлекеттік монополия қызметтеріне бағалар жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізу

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 19 наурызда сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк монополия, арнайы құқық субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларының 15-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» ШЖҚ РМК көрсететін мемлекеттік монополия қызметтеріне бағалар жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жария тыңдаулар Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел, 8, 18В кіреберіс мекенжайы бойынша өтеді.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 50-24-60 (305), 8-702-666-04-76.

Сайт: www.gov.kz, www.aisggk.kz

Эл. пошта: info@nationalplan.kz, a.makazhanova@nationalplan.kz

Дата публикации
24 февраля 2026