«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Енгізілген түзетулер Министрлік функцияларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етуге, басқа мемлекеттік органдармен өкілеттіктердің қайталануын болдырмауға және функцияларды оңтайландыру есебінен Министрлік қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, ұсынылған түзетулер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.