ҚР ӨКМ 2023–2024 жылдарға арналған ИПДО жүзеге асырылуы бойынша Ұлттық есепті дайындау жұмыстарын жүргізуде

Тау-кен өндірісі салаларының Ашықтық бастамасы стандарттарын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2023–2024 жылдарға арналған Тау-кен өндірісі салаларын ашықтық бастамасын жүзеге асырылуы бойынша Ұлттық есепті дайындау жұмыстарын жүргізуде.

Тау-кен өндірісі салаларын ашықтық бастамасын жүзеге асырылуы бойынша Ұлттық есеп тау-кен компанияларының қызметі, бюджетке төлемдер, пайдалы қазбаларды пайдаланудан түсетін табыстардың бөлінуі туралы ақпаратты ашуға және жүйелендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ табиғи ресурстарды басқару саласындағы ашықтық пен есептілікті арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасында өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыру жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған 18-ші Ұлттық есепті дайындауға арналған техникалық тапсырма
Дата публикации
23 января 2026