Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігігің бұйрығымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің
4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді өткізеді.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау e-Otinish бағдарламасы арқылы жүргізіледі 2026 жылғы 12 мен 23 қаңтар аралығында министрлікке электонды түрде қабылданады, анықтама үшін байланыс нөмірі: +7 (7172) 983-480 (Аружан Азретова).