Үкімет заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат 2025 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобалары бойынша ақпарат мыналарды қамтиды:

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының         2023 жылға арналған жоспарына (ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысымен бекітілген) сәйкес және Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Министрлікпен 2 (екі) заң жобасын әзірлеу көзделген (енгізу мерзімі ӘділетМині - қазан,
Үкімет Аппараты - қараша, Мәжіліс - желтоқсан).

«Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі» ҚР Заңының жобасы (Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауында);

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы (Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауында);

Заң шығару жұмысының 2021–2026 жылдарға арналған Тұжырымдамалық жоспардың бекітілімінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымы) 2024 2025 жылға арналған іс-шара жоспары бойынша Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру қарастырылған. Түзетулер Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауындағы Құрылыс кодексі және ілеспе Заңдарының жобаларында қарастырылды.

 

 

Үкімет заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы, басым заңдардың жобаларын, сондай-ақ Президенттің, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министрдің тапсырмаларынан туындайтын заңдардың жобаларын дайындау, заңдар жобаларының Үкіметте және Парламентте өтуі туралы ақпарат 2025 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша
Дата публикации
25 сентября 2025