Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың жоқтығы туралы хабарлайды.
Атап айтқанда, мәлімделген кандидаттардың негізгі қызмет түрі экономика және (немесе) өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғалардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 10 (он) жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл; не арнайы экономикалық және (немесе) мемлекеттік индустриялық аймақтарды басқарушы компаниясында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл талап етілетін жұмыс тәжірибесі жоқ.
Осыған байланысты, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеуді өткізу Қағидаларының 22-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығына 1-қосымша) конкурс өткізілмеген деп танылады.
Байланыстағы тұлға: Ахметов Н., тел.: 8 (7172) 983-224, +7707 608 03 83