Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 87 «Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6817 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2011 жылғы 30 сәуірде жарияланған») бұйрығына өзгерістер енгізу туралы:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету Қағидасын бекіту туралы;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану және «Халықаралық жүк көлік құралдарын өлшеу сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету Қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын..

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жүргізілсін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қосымша
Дата публикации
15 января 2020