«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 23 қаңтардағы 2015 жылғы № 51 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде) 2015 жылғы 6 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібі және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету ережесі»
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-7) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібі және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету ережесі» осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін;
. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.