Казақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2011 жылғы 26 қыркүйекте жарияланған») бұйрығына өзгерістер енгізу туралы:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру және халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасын бекіту туралы « Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 10 қарашадағы № 471 бұйрығы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру және «халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру және «халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу жүргізілсін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

3.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша
Дата публикации
15 января 2020