2025 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Қ. Нағаспаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің отырысы өтіп, оның барысында «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы «QazIndustry» АҚ-да жүргізілген аудиттің қорытындылары қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.