Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізіледі

2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Аталған Заңмен жобасында Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір өкілеттіктерін қайта қарау ұсынылады.

Қабылданған Заң шеңберінде Министрлікке екі жаңа функция беру қарастырылған:

  • кондоминиум объектісін басқару нысандары мен субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • басқарушы субъектілерінің (пәтер иелерінің кооперативтері, басқарушы компаниялар) және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлер басқару саласындағы қолданыстағы функциялар Заңның тұжырымдамасына сәйкес келтірілді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Үкімет қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті жоба әзірленді.

Вносятся изменения в Положение Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан
Дата публикации
17 июля 2025