Халықтың әуе қатынасына қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2021 жылға арналған жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін субсидияланатын авиамаршруттар бойынша авиакомпаниялар үшін келесі авиамаршрут бойынша 2020 жылғы 23 қарашада конкурс өткізу туралы жариялайды:
|
№ |
Авиамаршруттың атауы |
Тариф (бір бағытта ұшу), теңге |
Аптасына жиілік саны |
Ұшақтың жолаушылар орны (кемінде)
|
Бөлінген сома, теңге |
|
1. |
Нұр-Сұлтан – Үрджар – Нұр-Сұлтан |
16 000 |
6 (мамырдан қазанға дейін 6 ай) |
кемінде 20 |
174 303 518 |
|
2. |
Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан |
16 000 |
4 (мамырдан қазанға дейін 6 ай) |
кемінде 20 |
265 082 906 |
|
3. |
Нұр-Сұлтан – Балқаш – Нұр-Сұлтан |
9 000 |
4 (мамырдан қазанға дейін 6 ай) |
кемінде 20 |
160 869 392 |
|
4. |
Нұр-Сұлтан –Петропавл – Нұр-Сұлтан |
10 000 |
2 (12 ай) |
кемінде 19 |
143 689 700 |
|
5. |
Алматы – Үрджар – Алматы |
14 000 |
4 (мамырдан қазанға дейін 6 ай) |
кемінде 20 |
109 487 470 |
|
6. |
Алматы – Үшарал – Алматы |
10 000 |
6 (мамырдан қазанға дейін 6 ай) |
кемінде 20 |
225 832 862 |
|
7. |
Алматы – Балқаш – Алматы |
14 000 |
6 (мамырдан қазанға дейін 6 ай) |
кемінде 20 |
133 356 205 |
|
8. |
Алматы – Петропавл – Алматы |
25 000 |
2 (12 ай) |
кемінде 20 |
220 666 947 |
|
9. |
Алматы – Көкшетау – Алматы |
25 000 |
2 (12 ай) |
кемінде 20 |
220 034 739 |
|
10. |
Алматы–Жезқазған – Алматы |
20 000 |
2 (12 ай) |
кемінде 20 |
221 394 681 |
|
11. |
Көкшетау – Ақтау – Көкшетау |
25 000 |
2 (12 ай) |
кемінде 20 |
238 649 055 |
|
12. |
Қызылорда – Қарағанды – Қызылорда |
18 000 |
2 (12 ай) |
кемінде 19 |
97 662 862 |
|
13. |
Өскемен – Қараганды – Өскемен |
22 000 |
2 (12 ай) |
кемінде 20 |
103 218 419 |
|
14. |
Шымкент – Петропавл – Шымкент |
25 000 |
2 (12 ай) |
кемінде 20 |
141 743 244 |
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу бойынша қағидасына сәйкес Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасында тіркелген және пайдаланушы сертификатын иеленген;
2) Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға авиакомпанияларға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ;
4) болжанған кірісті есепке алмағанда бір ай ішінде бекітілген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге қажетті қаржылық қаражаттардың төмендетілмейтін резервісі бар авиакомпаниялар конкурсқа қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар:
1) конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;
4) сақтандырудың міндетті түрлерінің болуын растайтын сақтандыру полистерінің (шарттардың) көшірмесі;
5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (үлгілері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ең жоғарғы сыйымдылығы);
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетілген жағдайда, осы берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын құжаттар қоса берілуі қажет;
7) бірінші басшының қолымен және авиакомпанияның мөрімен куәландырылған анықтама түріндегі тұрақты жолаушылар рейстерін орындау тәжірибесі бойынша ақпарат;
8) қатаң есептіліктегі бланктер үлгілері (тасымалдау құжаттарының үлгілері);
9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісім көшірмесі;
10) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастыруға негізгі шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсынымдар;
11) өткен қаржы жылына аудиторлық есеп ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар бір данада мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады, беттері нөмірленіп, тігілген болуы тиіс, соңғы беті заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады. Құжаттарда жолдар арасында кірістірмелер болмауы тиіс.
Осы Қағидалардың құжаттар авиакомпанияның атауы мен мекенжайы көрсетілген конвертке салынып бастырылады. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып бастырылады.
Конверттер конкурсты ұйымдастырушыға (комиссияға) заңды тұлғаның мөрімен куәландырылатын мынадай белгілермен жіберілуі тиіс: «Конкурста ғана ашылсын» және «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру бойынша конкурстық өтінім».
Конкурстық құжаттама топтамасын (конкурсқа қосылатын авиамаршруттар тізбесімен) 2020 жылғы 23 қараша сағат 10:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, 1413 кабинеті мекенжайы бойынша алуға болады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ұсынудың соңғы мерзімі - 2020 жылғы 23 қараша сағат 18:00, мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 (алдынала бір сағат бұрын 87017768552 телефонына хабарласу қажет)..
Коронавирустың қолайсыз жағдайына байланысты, ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық ұсыныстар берілген топтамасын ашу 2020 жылғы 23 қарашада сағат 11:00-де видеоконференцбайланыс арқылы жүргізіледі (сілтеме қатысушыға қосымша хабарланады).
Қосымша мәліметті және ақпаратты +7 700 551 55 06 телефоны бойынша алуға болады.