ХАБАРЛАНДЫРУ №3

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып табылатын акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорды конкурстық іріктеу Тәртібіне* сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорды конкурстық іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Орналасқан жері – Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17
(Е блогы).

Қоғам «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
3 маусымдағы № 508 қаулысына сәйкес құрылды.

Қоғам қызметінің негізгі мәні индустриялық - инновациялық даму, технологиялық даму, жергілікті қамтуды дамыту, экспортты, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту және ілгерілету саласында жәрдемдесу және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну болып табылады.

Тәуелсіз директорға қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Тәуелсіз директор ретінде Қоғамның Директорлар кеңесіне сайлануға үміткер келесі біліктілік талаптарына сай болуы керек:

1) осы Қоғамның үлестес тұлғасы емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмады (оның осы Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда);

2) осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға емес;

3) осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғам ұйымдарының – үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныстылығы жоқ және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағынысты болмаған;

4) мемлекеттік қызметші емес;

5) осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционер өкілі емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған;

6) осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған;

7) отыз бес жастан жас емес;

8)      үміткердің жоғары білімі және/немесе «магистр» дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі болуы керек.

9) үміткердің Қоғамның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда немесе іргелес салаларда мамандығы бойынша кемінде бес жыл және/немесе кемінде үш жыл Директорлар кеңесі мүшесі ретінде жұмыс тәжірибесі болуы керек.

  1. Егер адам аталған тармақтардың біреуіне немесе бірден бірнешеуіне жататын болса, тәуелсіз директорға үміткер бола алмайды:

1) бұрын мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшысы (басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;

2) Қазақстан Республикасының және басқа елдердің заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген не алынбаған соттылығы не қылмыстық жауаптылықтан босатылуы бар;

3) бәсекелес ұйымның лауазымды адамы немесе қызметкері болып табылатын;

4)  тиісті уәкілетті органның шешімі бойынша кез келген елде Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде беделін түсірген және (немесе) шеттетілген.

  1. ҚоғамныңДиректорларкеңесініңқұрамынакандидаттардыіріктеукезінденазарғаалынады:

1) басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;

2) Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;

3) жұмыс өтілі;

4) халықаралық сертификаттардың болуын қоса алғанда, білімі, мамандығы;

5) Қоғам қызметінің бейініне сәйкес келетін бағыт пен сала бойынша құзыреттердің болуы;

6) іскерлік бедел;

7) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы.».

Үміткерлердің конкурстық өтінімдерін қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 30 мамыр қоса алғанда.

Конкурстық комиссия жұмыс органының пошталық мекенжайы – Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық пошта мекенжайлары - s.berdalina@mps.gov.kz, k.beksarinova@mps.gov.kz, тел. +7 (7172) 983192, 983185.

Тәуелсіздік директор позициясының реттік нөмірі – 3 (№3 конкурс).

 

 

* - аталған Тәртіптің толық мәтіні ҚР ӨҚМ сайтында орналасқан

ХАБАРЛАНДЫРУ №3
Дата публикации
20 мая 2025