«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы
29 желтоқсандағы № 887 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
5-бөлімде:
3.2-мақсатта:
реттік нөмірі 46-жолда:
«2019 жыл» деген бағанда «515,3» деген сан «499,7» деген санмен ауыстырылсын;
6-бөлім осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Министрліктің Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен министрліктің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысына жүктелсін.
Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таратылуға жатады.
Министр Б. Атамқұлов
|
«КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________ Р. Дәленов _____ жылғы «____» ___________ |
«КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі ____________________ Б. Шолпанқұлов _____жылғы «____» _________ |