Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрия және индустриялық даму, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және тарату; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, аэронавигация және әуежайлар қызметі саласындағы табиғи монополия, әуежайлар қызметі саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Ереже
Дата публикации
29 декабря 2018