Бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласында мемлекеттік органдардың функцияларына нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны қарау үшін қоғамдық тыңдау туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің Көлік комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 70 бұйрығымен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесінің 15-тармағына сәйкес Бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылып отырған жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласында мемлекеттік органдардың функцияларына нарықтың дайын болуы жөніндегі қорытындыны қарау үшін қоғамдық тыңдауды 2020 жылғы 7 тамызда өткізілгенін хабарлайды.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 70 бұйрығымен бекітілген Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларының 15-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, қоғамдық тыңдау хаттамасын орналастырамыз.