«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 887
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы
29 желтоқсандағы № 887 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таратылуға жатады.
Министр Б. Атамқұлов